Accessibility links

ДХР "қорғаныс министрі" ауысты


Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" отставкаға кеткен "қорғаныс министрі" Игорь Стрелков.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" отставкаға кеткен "қорғаныс министрі" Игорь Стрелков.

Украинаның шығысындағы өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" (ДХР) билігі жаңа "қорғаныс министрінің" тағайындалғанын хабарлады. Тағайындаудан бір күн бұрын бұл қызметті атқарған Игорь Стрелковтың жараланғаны туралы расталмаған ақпарат тараған.

ДХР "қауіпсіздік кеңесінің" мүшесі Сергей Кавтарадзе "қорғаныс министрінің" міндетін атқарушы болып Владимир Кононов тағайындалғанын хабарлады. 13 тамыз күні ұрыс кезінде Стрелковтың жараланғаны туралы ақпарат тарады. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Сепаратистердің novorosinform.com сайты Стрелковтың "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" отставкаға кетуді сұрағанын хабарлаған. Стрелковтың отставкаға кету туралы неге өзі хабарламағаны белгісіз. Бірақ Кавтарадзе оның "аман-сау екенін" айтады.

Игорь Стрелков - осы аптада қызметінен кеткен сепаратистердің үшінші жетекшісі. Бұған дейін өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасының" жетекшісі Валерий Болотов "уақытша отставкаға" кеткенін айтқан еді. Ал 7 тамыз күні ДХР "премьер-министрі" Александр Бородай қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG