Accessibility links

Жамбыл облысында орман өртінен бір адам қаза тапты


Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысындағы Талдыбұлақ шатқалында тұтанған өртті өшіру кезінде ауыл әкімдігінің қызметкері қаза тапқан.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 12 тамыз күні Меркі ауданының территориясындағы Талдыбұлақ және Сандық шатқалындағы мемлекеттік орман алқабында басталған.

Шамамен 200 гектар алқапты қамтыған өртті сөндіруге 840-тан аса адам мен 123 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Өрт 14 тамыз күні кешке жақын толық өшірілген.

Өртті сөндіру кезінде Абай ауылдық округі әкімдігінің 32 жастағы қызметкері белгісіз жағдайда қаза тапқан. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Нұрболат Өмірзақов қазір құзырлы органдар оның қазасын тексеріп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG