Accessibility links

Египетте шеру кезінде бес адам қаза тапты


Каирдегі шерушілер мен полицияның қақтығысы. Египет, 14 тамыз 2014 жыл.

Каирдегі шерушілер мен полицияның қақтығысы. Египет, 14 тамыз 2014 жыл.

Египет астанасы Каирде 14 тамыз күні өткен жылы "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жүздеген мүшесінің қырғынға ұшырауына жыл толғанын еске алу демонстрациясы кезінде қақтығыстардан бес адам қаза тапты.

Египет ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыста төрт демонстрант пен бір полицей опат болып, 13 шеруші жараланған. Бұған қоса ел бойынша "Мұсылман бауырлар" қозғалысының 114 мүшесі ұсталған.

Былтыр жазда әскери төңкеріс нәтижесінде президент Мұхаммед Мурси биліктен кетірілген соң елде болған наразылық шерулері кезінде қауіпсіздік күштерімен қақтығыста оның жүздеген жақтасы қаза тапқан.

Бұдан соң "Мұсылман бауырлар" қозғалысына билік тыйым салып, жүздеген мүшесі сотталған.

XS
SM
MD
LG