Accessibility links

Алматыда өткен түні жер асты дүмпулері сезілді. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, тамыздың 16-сында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 3-тен 42 минут өткенде тіркелген 5,2 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 35 шақырым жерде, шамамен бес километр тереңдікте орналасқан.

АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) 5 магнитудалы жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 48 шақырым қашықтықта, эпицентрі – 28 километр тереңдікте болған деп хабарлады.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақта орналасқан Алматы облысында шамалы магнитудалы жер сілкіністері болып тұрады. 2012 жылы мамыр айында бұл аймақта магнитуда шамасы 5-тен асатын жер сілкінісі тіркелген еді.

XS
SM
MD
LG