Accessibility links

Обама қыркүйекте Эстонияға барады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама қыркүйекте Эстонияға барады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Таллинде АҚШ президенті Балтық бойындағы үш мемлекет басшылары – Эстония президенті Тоомас Хендрик Ильвес, Латвия президенті Андрис Берзиньш және Литва президенті Даля Грибаускайтемен кездесіп, аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

Ақ үй мәлімдемесінде бұл сапар Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Орталық және Шығыс Еуропадағы одақтастарының алаңдаушылығын басу үшін тиісті қадамдар жасаған АҚШ-тың халықаралық міндеттемелеріне адал екендігінің тағы бір дәлелі деп көрсетілген.

Эстониядан соң Барак Обама НАТО-ға мүше елдер басшыларының Уэльстегі кездесуіне қатысуға барады деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG