Accessibility links

Алматыда православтық бал мейрамы өтті


Бал мейрамына (Медовый Спас) келген жас қыздар. Алматы, 16 тамыз 2014 жыл.
Бал мейрамына (Медовый Спас) келген жас қыздар. Алматы, 16 тамыз 2014 жыл.

Сенбі күні Алматыда православ дінін ұстанатын жұртшылық өкілдері бал мейрамын (Медовый Спас) тойлады деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Қаладағы 28 гвардиялық панфиловшылар саябағындағы Свято-Вознесенск соборы жанында өткен мерекелік шараларды Орыс православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр таңертеңгілік діни құлшылық қызметімен бастады.

Бұдан кейін қауымды мейраммен құттықтаған дінбасы, дәстүрге сай, биылғы жылы жиналған бал өнімдеріне батасын берді. Сондай-ақ Қазақстандағы Ресей бас консулдығының өкілі Ирина Переверзева да жұртшылықты құттықтап сөз сөйледі.

Бұдан соң мерекелік шаралар бал өнімдері жәрмеңкесі мен концерттік бағдарламаға ұласты.

XS
SM
MD
LG