Accessibility links

ИМ содырлары Сирияда жүзедеген адамды өлтірген


Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясында жүрген қарулы исламшылдар. 30 маусым 2014 жыл.

Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясында жүрген қарулы исламшылдар. 30 маусым 2014 жыл.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының содырлары Сирияның шығыс аймағында екі аптаның ішінде шуайтат тайпасының 700 адамын өлтірген, олардың 600-ге жуығы бейбіт тұрғындар, қалғандары – исламшылдарға қарсы күрескен жасақ сарбаздары деп хабарлады сириялық құқыққорғаушылар.

ИМ содырлары шуайтат тайпасының өкілдері тұратын бірнеше елдімекенде адамдарды жаппай өлтірген, тағы бірнеше жүз адамның тағдыры беймәлім дейді құқыққорғаушылар. Олардың айтуынша, мұнайға бай Дейр эз-Зур провинциясындағы елдімекендерді бақылауға алған исламшылдар өздерінің билігін мойындаудан бас тартқандарды асқан қатыгездікпен жазалайды.

Сенбі күні Сирия оппозициясы АҚШ-ты Сирияның солтүстігі мен шығысындағы бірнеше ауданды басып алған «Ислам мемлекеті» содырларына әуеден соққы беруге шақырды.

Маусым айының соңында исламшылдар ұйымының жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади өзін Сирия және көршілес Ирак аумағын қамтитын «халифаттың билеушісімін» деп жариялаған.

XS
SM
MD
LG