Accessibility links

Словакия Украинаға газ жіберу сынағын бастады


Словакияның Украинамен шекарасына жақын орналасқан Вельке Капушаны қаласындағы газ тарату станциясы.
Словакияның Украинамен шекарасына жақын орналасқан Вельке Капушаны қаласындағы газ тарату станциясы.

Словакия сынақ мақсатында Вояны-Ужгород газ құбырымен Украинаға отын жіберуді бастады. Украиналық «Укртрансгаз» компаниясының хабарлауынша, сынақ кезінде Словакия жағынан бір тәулікте келетін газ көлемі екі миллион текше метрді құрамақ.

28 сәуірде «Укртрансгаз» және словакиялық Eustream компаниялары Украинаны реверстік жолмен жеткізілетін газбен қамтамасыз етуге байланысты өзара түсіністік туралы меморандум меморандумға қол қойған болатын. Оның алдында Украинаның «Нафтогаз» компаниясы 2019 жылға дейінгі мерзім аралығында осындай жолмен жеткізілетін газдың үлкен бөлігін сатып алған еді.

Болжам бойынша, қыркүйек айынан бастап Словакиядан Украинаға тәулігіне 27 миллион текшеметр газ жіберілетін болады.

Маусым айында Ресей Украинаға газды тек алдын ала төлем бойынша беруге көшкен еді.

XS
SM
MD
LG