Accessibility links

Украина Ресей жіберген керуенді гуманитарлық жүк деп таныды


"Гуманитарлық жүк тиеді" деп хабарланған ресейлік көліктер. Ресей, 15 тамыз 2014 жыл.
"Гуманитарлық жүк тиеді" деп хабарланған ресейлік көліктер. Ресей, 15 тамыз 2014 жыл.

Украинаның әлеуметтік саясат министрі Людмила Денисова Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) жүгін гуманитарлық жүк деп тану туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы аталған министрлікке сілтеме жасап УНИАН агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Украина мен Ресей гуманитарлық жүк артқан көліктер керуенін толық тексеру туралы келісімге келген еді. Гуманитарлық жүктегі заттардың толық тізімі бар хат Украинаның әлеуметтік саясат министрлігіне сенбі күні келіп түскен.

ХҚКК-нің Ресей, Беларусь және Молдовадағы аймақтық делегация басшысы қол қойған хатта гуманитарлық жүктің жалпы салмағы 1856 тонна екендігі айтылған. Гуманитарлық жүкті қабылдаушы ретінде ХҚКК-нің Украинадағы миссиясы көрсетілген.

Сонымен бірге хатта гуманитарлық жүкті ХҚКК өкілдері Украинаға БАПП «Донецк» өткізу бекеті арқылы алып кіретіні айтылған.

XS
SM
MD
LG