Accessibility links

Нанкин-2014: Қазақстандық балуан финалға шықты


Дзюдо сайысы. (Көрнекі сурет)

Дзюдо сайысы. (Көрнекі сурет)

Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы олимпиада ойындарына дзюдо күресінен қатысып жатқан қазақстандық Бауыржан Жауынтаев финалға шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

55 келі салмақта өткен жартылай финалдық белдесуде түркиялық жас балуан Огузан Каракадан күш асырған 17 жастағы Бауыржан Жауынтаев енді финалда әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен кездеседі.

Финалдық сайыс бүгін Алматы уақытымен сағат 16-да басталады.

Сенбі күні басталған Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан 51 спортшы қатысып жатыр. Олар 17 спорт түрінен сайысқа түседі. Нанкиндегі ойындар 28 тамызға дейін жалғасады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG