Accessibility links

Каирде Газа секторы жайлы келіссөз жалғасты


Газа секторы, 8 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Газа секторы, 8 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Израиль өзінің қауіпсіздігін сақтау туралы талаптарды палестиналықтар бұлжытпай орындамайынша Газа секторында ұзақ мерзімді бітім жасасуға келіспейді. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Ол мұны Газа секторындағы қарулы жанжалды реттеу бойынша Египеттің арағайындық етуімен жүргізіліп жатқан келіссөздер бүгін Каирде қайта жалғасқанда айтқан.

ХАМАС радикалдық тобының өкілі болса палестиналықтар Газа секторына Израиль қойған блокаданы алып тастау жайлы талаптарынан қайтпайтынын мәлімдеген.

Бұл келіссөздер Израиль мен палестиналықтар арасындағы бес күндік уақытша бітім аясында өтіп жатыр. Уақытша бітім мерзімі 18 тамыз күні аяқталады.

Батыс агенттіктерінің деректері бойынша, Газа секторында жағдай күрт шиеленіскен шілденің 8-інен бері екі тарап арасындағы қарулы қақтығыстар салдарынан екі мыңға жуық палестиналық және 67 израильдік қаза болған.

XS
SM
MD
LG