Accessibility links

«Майқайыңалтын» АҚ ереуілшілерге келісім жасауды ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Павлодар облысында еңбек жағдайын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап еткен «Майқайыңалтын» акционерлік қоғамы жұмысшылары кәсіпорындағы еңбек дауын реттеу үшін дүйсенбі күні Павлодар облысының әкімдігі, «Ресей мыс компаниясы» және «Майқайыңалтын» кәсіпорны өкілдерінің қатысуымен үшжақты келісім жасау туралы ұсынысқа келіскен соң тараған. Бұл туралы бүгін қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Жұма күні ереуіл бастайтындары туралы компания басшылығы мен жергілікті билік орындарын ескерткен «Майқайыңалтын» кәсіпорнының 8 кеншісіне сенбі күні тағы бірнеше жұмысшы қосылған. Олар жұмысқа шығудан бас тартып, кәсіпорында ереуіл өткізетіндерін мәлімдеген. Сол күні «Майқайыңалтын» АҚ өкілдері келіп, арнайы комиссия күні бойы жұмыс жүргізген. Жұмысшылардың еңбек құқықтары бұзылып отырғаны туралы айтқан кейбір жайттар анықталған.

Ресейлік компания иелік ететін «Майқайыңалтын» АҚ құрамындағы кен байыту фабрикасы мен «Майқайың» және «Алпыс» деп аталатын екі жерасты кенішінде 826 жұмысшы еңбек етеді. «Майқайың» кәсіпорны Павлодар облысында колчедан-полиметалл кенінен алтын өндіріп, өңдеумен айналысады.

XS
SM
MD
LG