Accessibility links

Иракта күрд жасағы содырларға соққы берді


Исламшыл содырлармен күресіп жүрген күрдтердің "Пешмерга" жасағы сарбаздары. Мосул, 12 тамыз 2014 жыл.

Исламшыл содырлармен күресіп жүрген күрдтердің "Пешмерга" жасағы сарбаздары. Мосул, 12 тамыз 2014 жыл.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, күрдтердің "Пешмерга" әскери жасағы америкалық әскери-әуе күштерінің қолдауымен "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан Мосулдағы бөгетті қайтарған. Бұл хабарды әзірше өзге тәуелсіз ақпарат көздері растаған жоқ.

Тамыздың 17-інен исламшыл содырларға қарсы жаппай шабуыл бастаған күрд жасақтары Мосул маңындағы бірнеше елді мекенді қайтарып алды. АҚШ әскери қолбасшылығының деректері бойынша, жойғыш және пилотсыз ұшақтар бөгет маңына әуеден 14 рет соққы беріп, бақылау бекеттері бірінің маңындағы "Ислам мемлекетінің" бірнеше әскери техникасын жойған.

Бағдадтың оңтүстігіндегі Анбар провинциясында сүнниттік көтерілісшілердің қолдауымен үкімет әскері Рамади қаласына қарай беттеді. Бұған дейін "Ислам мемлекеті" содырлары Ирак пен Сирияда үлкен аумақты басып алған еді.

Қақтығыстардан 200 мыңнан астам адам, көпшілігі – езидтер мен христиандар, үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.

XS
SM
MD
LG