Accessibility links

Исламабадта мыңдаған адам шеруге шықты


Пәкістан оппозициясының Лахордан Исламабадқа бет алған маршы. 14 тамыз 2014 жыл.
Пәкістан оппозициясының Лахордан Исламабадқа бет алған маршы. 14 тамыз 2014 жыл.

Исламабадта 17 тамыз күні ондаған мың адам пәкістандық саясаткер Имран Хан мен діни көсем Тахир уль-Қадридің басшылығымен өтіп жатқан оппозиция маршына қосылды. Шерушілер премьер-министр Наваз Шарифтің отставкаға кетуін талап еткен.

Наваз Шариф бұдан бір жылдан астам уақыт бұрын парламент сайлауында жеңіске жетіп, елде билік тұңғыш рет демократиялық жолмен ауысқан. Шеруге қатысушылар енді елдегі тұрақтылыққа алаңдаушылық білдіре бастады

Имран Хан премьер Шариф жеңіске жеткен сайлаудың нәтижелері бұрмаланды дейді. Ол Тахир уль-Қадри екеуі Исламабадқа 15 тамыз күні Пенджаб провинциясында өткен екі күндік марштан соң барған. 16 тамыз күні Қадри "Біз үкіметке отставкаға кетіп, ассамблеяны тарату үшін 48 сағат уақыт береміз" деп мәлімдеді. Қадри өз жақтастарының өліміне Шарифтің қатысы бар деп айыптап, оны тұтқындауды талап етеді.

XS
SM
MD
LG