Accessibility links

Кения Эболаға байланысты шекарасын жапты


Либериядағы дәрігер. (Көрнекі сурет)

Либериядағы дәрігер. (Көрнекі сурет)

Кения Эбола вирусының таралуына байланысты Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеден саяхаттап келушілерге шекарасын жапты. Үкіметтің шешімі бойынша, бұл мемлекеттерден оралған кениялықтар мен дәрігерлерге ғана елге кіруге рұқст бар.

Kenyan Airways әуе компаниясы тыйым күшіне енетін 20 тамыздан бастап Либерия мен Сьерра-Леонеге рейстерін тоқтататынын хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық транспорт торабы қызметін атқаратындықтан Кенияны "аса қауіпті" өңірде орналасқан деп бағалаған.

Эбола вирусынан Батыс Африкада қайтыс болған адам саны 1100-ден асты. Гвинея, Сьерра-Леоне және Нигерияда індетке байланысты төтенше жағдай жарияланған.

XS
SM
MD
LG