Accessibility links

Иранның батысында жер сілкінді


Иран картасы. (Көрнекі сурет)

Иран картасы. (Көрнекі сурет)

АҚШ геологиялық зерттеу институтының хабарлауынша, Иранның Иракпен шекаралас батыс аймағында 6.2 магнитудалық жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Абадан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 километр қашықтықта орналасқан, жерасты дүмпуі көршілес провинцияларда да сезілген.

Әзірге жер сілкінісінен құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Иранда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Былтыр сәуірде Иранның оңтүстік-шығысы мен көршілес Пәкістанда 7.8 магнитудалық жер сілкінісі болып, 40 адам қаза тапқан.

2003 жылы желтоқсанда болған зілзаладан Бам қаласы қирап, 26 мыңға тарта адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG