Accessibility links

Зарина Дияс әлемнің үздік 50 теннисшісі қатарына енді


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жариялаған рейтингте бірінші рет әлемнің үздік 50 теннисшілері қатарына енді. Ұйымның жаңартылған рейтингінде Дияс өткен аптадағы 53 орыннан 46 орынға көтерілген.

Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова 54 орыннан 50 орынға көтерілген.

Өткен аптада Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған 20 жастағы Зарина Дияс биыл Үлкен шлем турнирлерінің қатарына енетін Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне, Уимблдон (Ұлыбритания ашық чемпионаты) турнирінің 1/8 финалына дейін жеткен.

XS
SM
MD
LG