Accessibility links

АҚШ: Миссури штатына ұлттық гвардия кіргізілмек


Полиция шерушілерге көзден жас ағызатын газ шашты. Фергюсон, Миссури штаты, 17 тамыз 2014 жыл.

Полиция шерушілерге көзден жас ағызатын газ шашты. Фергюсон, Миссури штаты, 17 тамыз 2014 жыл.

АҚШ-тың Миссури штатының губернаторы Джей Никсон толқу мен тәртіпсіздіктер жалғасып жатқан Фергюсон қаласына, Сент-Луис қаласының маңына Ұлттық гвардия бөлімшесін кіргізуге бұйрық берді. Фергюсон тұрғындары жергілікті ақ нәсілді полицейдің 18 жастағы қара нәсілді Майкл Браунды өлтіруіне қарсы наразылық танытып жатыр.

Джей Никсон өз бұйрығы Фергюсонда "бейбітшілік пен тәртіп орнатуға" бағытталғанын айтады. 17 тамыз күні кешке полиция коменданттық сағат уақыты таяп келе жатқанына қарамастан көшеде толқуды жалғастырып жатқан шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

Майкл Браунды полиция өкілі 9 тамыз күні атып тастаған еді. Полиция жасөспірім өзіне қарсылық көрсетті дейді. Бірақ куәгерлер полиция Браунды "қолдарын жоғары көтеріп, берілмек болған кезде атып тастағанын" айтады. Полиция Браунды басынан екі рет, денесінен төрт рет атқан.

XS
SM
MD
LG