Accessibility links

ІІМ: 37 украиналық босқын мәртебесін сұрады


Ресеймен шекарадағы украиналық босқындар лагерінде отырған қыз бала. 6 тамыз 2014 жыл.

Ресеймен шекарадағы украиналық босқындар лагерінде отырған қыз бала. 6 тамыз 2014 жыл.

Украинаның 37 азаматы Қазақстанның Алматы, Астана қалаларының және облыстардың миграциялық полициясы басқармаларына босқын мәртебесін беруді сұрап, өтініш түсірді деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігінің блогына сілтеме жасаған tengrinews.kz сайты.

Ресми ақпарат бойынша, Қазақстан аумағында 600-ге таяу босқын тұрады. Олардың көпшілігі (556 адам) - Ауғанстаннан келгендер.

XS
SM
MD
LG