Accessibility links

Киев: Босқындар көлігіне шабуыл жасалды


Ресейдің Ростов облысындағы украиналық босқындар лагері. 18 тамыз 2014 жыл.

Ресейдің Ростов облысындағы украиналық босқындар лагері. 18 тамыз 2014 жыл.

Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Андрей Лысенконың айтуынша, елдің шығысындағы қақтығыс аймағын тастап шығып бара жатқан бейбіт тұрғындар көлігіне сепаратистердің жасаған шабуылынан "ондаған адам" мерт болған. Құрбан болғандардың арасында балалар да бар. Лысенко журналистерге қаза тапқандардың нақты санын білмейтінін айтты.

Киевтің мәлімдеуінше, шабуыл 18 тамыз күні Луганск облысының Хрящеватое және Новосветловка селолары маңында жасалған. Көлікте бейбіт тұрғындар барын білдіретін ақ ту жапсырылған.

Бірақ "Интерфакс" агенттігіне сепаратистер өкілі Константин Кнырик бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG