Accessibility links

Израиль мен ХАМАС бітімі бір тәулікке ұзарды


Газа секторы.
Газа секторы.

Израиль мен ХАМАС өзара қақтығысты тоқтату режимін тағы бір тәулікке ұзарттты. Бұл туралы хабарлаған Египеттің ресми ақпарат агенттігі келісім бес күндік бітім мерзімі аяқталуына бір сағат қалғанда жасалғанын айтады.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Израиль мен ХАМАС арасында Египеттің арағайындығымен тікелей емес келіссөздер жүріп жатыр. Палестина делегациясының жоғары шенді өкіліне сілтеме жасаған France Press агенттігі келіссөздерде ілгері жылжу барын және екі жақтың да бір-біріне "ыңғай танытып отырғанын" хабарлайды.

Бірақ, Associated Press агенттігінің хабарлауынша, израильдіктер мен палестиналықтардың ұстанымы арасында алшақтық көп. ХАМАС Газа секторын осыдан жеті жыл бұрын салынған блокададан шығаруды талап етеді. Ал Израиль ХАМАС-тың толық қарусыздануына кепілдік берілсін деген шарт қойып отыр.

XS
SM
MD
LG