Accessibility links

АҚШ: Сирияның химиялық қаруы жойылды


Сирияның химиялық қару-жарағын жоюға арналған АҚШ лабораториялық кемесі Италия жағалауында тұр. Шілде, 2014 жыл.
Сирияның химиялық қару-жарағын жоюға арналған АҚШ лабораториялық кемесі Италия жағалауында тұр. Шілде, 2014 жыл.

Ақ үй Сирияның барлық жария етілген химиялық қару-жарағы жойылғанын мәлімдеді.

Өткен жылдың тамызында АҚШ Сирия президенті Башар Асад билігі көтерілісшілерге қарсы соғыста химиялық қару қолданды деп ұйғарған. Бұдан соң президент Барак Обама Конгресстен Сирияға әуеден соққы беруге рұқсат сұраған.

Бірақ кейін Обама әкімшілігі бұл райынан қайтып, Ресейдің Сирияның химиялық қаруын халықаралық қауымдастыққа тапсыру және оны Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның басшылығымен жою туралы ұсынысына келіскен.

Ақ үйдің мәлімдемесінде Сирияның химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға берген есебіндегі "сәйкессіздіктер" мен Дамаск әлі де химиялық қаруды қолданып жүр деген ақпаратқа қатысты мәселелер де "тексеруді қажет ететіні" айтылған.

XS
SM
MD
LG