Accessibility links

АҚШ ұшақтарына Сирия үстінен ұшуға тыйым салды


Америкалық ұшақ. (Көрнекі сурет)
Америкалық ұшақ. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы барлық америкалық әуе компанияларына рейстерін Сирияның үстінен ұшыруға шектеу қойды.

Федералдық басқарманың 18 тамызда таратқан мәлімдемесінде «Сириядағы қарулы қақтығыс пен қауіпсіздіктің жоқтығы азаматтық авиацияға үлкен қатер тудыратыны, бұл елдегі қарулы экстремистік топтарда зениттік қару-жарақ бары» айтылған. АҚШ ұшақтарына бұған қоса Ирак аумағы арқылы ұшуға да тыйым салынды.

Басқарма бұған дейін америкалық операторларды Сирияның үстінен ұшпауға шақырған.

Сирия мен Ирак Еуропадан Таяу Шығыс пен Азияға апаратын транзиттік аумақта орналасқан.

XS
SM
MD
LG