Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында бір адам оққа ұшты


Қырғызстан-Өзбекстан шекарасы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан-Өзбекстан шекарасы. (Көрнекі сурет)

19 тамыз күні Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада өзбекстандық бір азамат оққа ұшқан.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Баткен облысының Қадамжай ауданының Орто Ынтымақ ауылы маңында қырғыз шекарашылары Өзбекстанға қарай контрабандалық жүк алып өтпек болған 20-25 адамды байқаған. Оларға тоқтауды бұйырған қырғыз шекарашыларға белгісіз топ тас лақтырған.

Ескерту ретінде аспанға оқ атылғанына да бағынбаған топқа шекарашылар қарудан оқ атуға мәжбүр болған. Соның салдарынан шекарадан заңсыз өтпек болған өзбекстандық бір азамат жараланып, ауруханада апара жатқан жолда көз жұмған. Қалғандары Өзбекстанға қарай өтіп кеткен.

Оқиға барысында қырғызстандық екі шекарашы зардап шеккен. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG