Accessibility links

Алматыда әскери бөлім командирі коррупция айыбымен сотталды


Қарауыл әскери бөлімінің бұрынғы командирі, аға лейтенанат Ғалым Оразғалиевті (ортада) сот залынан әкетіп барады. Алматы, 19 тамыз 2014 жыл.
Қарауыл әскери бөлімінің бұрынғы командирі, аға лейтенанат Ғалым Оразғалиевті (ортада) сот залынан әкетіп барады. Алматы, 19 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Данил Байманқұлов Алматы облысының Сарыөзек ауылында орналасқан 12740 әскери бөлімінің бұрынғы командирі, аға лейтенант Ғалым Оразғалиевтің үстінен қозғалған іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Оразғалиев "коррупциялық қылмыс жасады" деген айыппен бес жыл алты айға сотталған. Үкім бойынша, оның қолхатпен ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өзгеріп, сот залында қамауға алынған. Бұған қоса әскери бөлімнің бұрынғы командирі офицерлік шенінен айырылған.

Сотқа өзі барған Ғалым Оразғалиевтің қолына үкім оқылғаннан соң кісен салынып, сот залынан оны қарауыл әкетті.

Бұл іс бойынша жәбірленуші деп танылған осы әскери бөлімнің аға лейтенанты, Ғалым Оразғалиевтің қарамағанда қызмет атқарған адам Азаттыққа үкімге толық қанағаттанатынын жеткізді. Ал Оразғалиевтің әкесі Қанат Оразғалиев соттан соң ұлының үкіміне шағымданатынын айтады.

XS
SM
MD
LG