Accessibility links

Сенат спикері мен Ұлыбритания елшісі сөйлесті


Парламент сенатының спикері Қасымжомарт тоқаев.

Парламент сенатының спикері Қасымжомарт тоқаев.

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев пен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браунды кездесті.

Сенаттың ресми сайтының хабарлауынша, кездесуде Тоқаев екі ел парламентарийлері және ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы арасындағы байланысты ары нарай дамыту жайын айтқан.

Спикер мен елші бұған қоса халықаралық жағдай жайлы, оның ішінде Украина дағдарысы туралы да пікір алмасқан. Кэролин Браун Украинадағы қақтығыстардың шиеленісуіне алаңдайтынын айтқан. Ал Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың украин дағдарысынан шығу жолдарын "белсенді қарастырып жатқанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG