Accessibility links

Назарбаев пен Лукашенко Украина жайлы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 29 сәуір 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Минск, 29 сәуір 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко телефонмен сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Беларусь басшысының ұсынысымен болған әңгімеде екі президент Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты пікір алмасқан. Бұған қоса Еуропа Одағының (ЕО) 26 тамыз күні Минскіде Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина президенттері және ЕО өкілдерінің кездесуін өткізуді қолдайтыны айтылды.

26 тамыз күні Минскіде Кеден Одағы елдері басшыларының жиынында Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Петр Порошенкомен кездесетіні жайлы сейсенбіде хабарланған еді.

Назарбаев пен Лукашенко бұған дейін де Украинадағы ахуал жайлы бірнеше рет сөйлескен.

XS
SM
MD
LG