Accessibility links

Либерия астанасында коменданттық сағат енгізілді


Дәрігерлер Эбола вирусынан көз жұмған науқасты әкетіп барады. Либерия, Монровия, 6 тамыз 2014 жыл.
Дәрігерлер Эбола вирусынан көз жұмған науқасты әкетіп барады. Либерия, Монровия, 6 тамыз 2014 жыл.

Либерияда аса қауіпті Эбола вирусының таралуына байланысты ел астанасы Монровияда түнгі уақытта коменданттық сағат пен карантин жарияланды.

Либерия президенті Эллен Джонсон-Серлифтің 19 тамыз күні мәлімдеуінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат тәртібі енгізілді.

Ақпарат министрі Льюис Браун Эбола індетін жұқтырып, өткен аптадан вирусқа қарсы тәжірибе ретінде шығарылған дәріні қабылдай бастаған үш дәрігердің оңалып келе жатқанын хабарлады.

Эбола вирусы оны жұқтырған адамның организмінен бөлінген сұйықтық арқылы таралады. Биылғы жыл басынан бері Батыс Африкада осы дерттен қайтыс болған адам саны 1200-ден асты.

XS
SM
MD
LG