Accessibility links

"Ислам мемлекеті" АҚШ журналисін өлтіргенін айтады


АҚШ журналисі Джеймс Фоули.

АҚШ журналисі Джеймс Фоули.

Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары 2012 жылы қарашада Сирияда ұрланған америкалық журналист Джеймс Фоулидің басын алғаны туралы бейнежазбаны интернетте жариялады.

"Америкаға жолдау" деп аталатын өлім жазасы туралы видео әлеуметтік желілерде 19 тамыз күні жарияланған. Әзірге бұл видеоның шынайылығы растайтын дәлел табылған жоқ.

АҚШ журналисі Джеймс Фоулиді 2012 жылы қарашада Сирияда ұрлап әкеткен еді.

"Ислам мемлекетінің" содырлары соңғы айда Ирак пен Сирияның біраз территориясын басып алған. Содырлар шабуылының үдеуі АҚШ-ты олар басып алған территорияларға әуеден соққы беруге мәжбүр етті.

XS
SM
MD
LG