Accessibility links

Алматыда ресейлік АИ-95 маркалы бензин қымбаттады


Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл.

Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Алматы қаласы мен маңында орналасқан ресейлік «Газпромнефть» компаниясына қарасты жанармай бекеттерінде АИ-95 маркалы бензин қымбат бағамен сатыла бастады.

Алматы қаласындағы Майлин көшесінде орналасқан жанармай бекетінде осы бензиннің бір литрінің бағасы - 153 теңге, Өтеген батыр кентінде орналасқан екі бекеттің бірінде - 163, екіншісінде 153 теңге деп көрсетілген. Бағаның бұлайша екі түрлі болуын жанармай бекеті қызметкерлері «бензин сапасына байланысты» деп түсіндірді Азаттық тілшісіне.

Олардың айтуынша, «құрамында тез және таза жанғыш қоспалары бар бензиннің бағасы - 163 тенге, ал құрамында мұндай қоспалары аз, яғни сапасы сәл төмендеу» АИ-96-95 маркалы бензин - 153 теңге.

Бензиннің бұл түрі бұған дейін 145 тенгеден сатылып келген еді.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG