Accessibility links

Луганскіге Ресей әскері мен техникасы кіргені хабарланды


Сепаратистерге қарсы операция жүргізіп жатқан Украина әскері. Луганск облысы, 18 тамыз 2014 жыл.

Сепаратистерге қарсы операция жүргізіп жатқан Украина әскері. Луганск облысы, 18 тамыз 2014 жыл.

Украиналық ақпарат құралдары 19 тамыз күні Луганскіге ресейлік әскери көліктер кіргізілгенін хабарлап жатыр. "Ақпараттық қарсыласу" тобының жетекшісі Дмитрий Тымчуктың айтуынша, ресейлік әскери көліктер керуені құрамында саны 40-қа жететін танкілер мен "Град" зениттік кешені бар.

"Общественное телевидение" телеарнасы тілшісінің хабарлауынша, керуенде 150 әскери техника мен ресейлік әскери формадағы 1200 сарбаз бар. Куәгерлердің айтуынша, сарбаздар жергілікті тұрғындармен сөйлесуге құлықсыз болған, бірақ Ресейден келгендерін мойындаған.

Дмитрий Тымчук Facebook-тегі парақшасында Луганск украин әскерінің блокпосттарымен және бекіністерімен қоршалғандықтан әскери техникалардың қалаға қалай кіргені белгісіз екенін жазады.

Луганск облысындағы арнайы операцияның қолбасшысы Игорь Воронченко телеарнаға үш күн бұрын ресей әскерилерінің Украина шекарасын кесіп өткенін растаған. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі әзірге Луганскіге әскер мен техника кіргізілуіне қатысты түсінік бермеді.

XS
SM
MD
LG