Accessibility links

Пәкістандық діндар парламентті қоршауға шақырды


Пәкістандық діндар Тахир уль-Қадри жақтастары алдында сөйлеп тұр. Исламабад, 20 тамыз 2014 жыл.
Пәкістандық діндар Тахир уль-Қадри жақтастары алдында сөйлеп тұр. Исламабад, 20 тамыз 2014 жыл.

Пәкістан парламенті алдында өтіп жатқан наразылық шеруінің жетекшісі Тахир уль-Қадри бүгін депутаттар премьер-министр Наваз Шарифпен саяси дағдарысты шешуді талқылауға кіріскен соң жақтастарын парламент кеңсесін қоршауға шақырды. Қадри шерушілерді парламентке ешкімнің кіруіне және шығып кетуіне жол бермеуді тапсырды.

19 тамызда ондаған мың демонстрант Наваз Шарифтің отставкаға кетуін талап етіп, парламент үйіне барған.

Тағы бір жеке өтіп жатқан демонстрацияның жетекшісі, оппозициялық саясаткер Имран Хан жақтастарын парламент ғимаратына шабуылдамауға шақырды. Бірақ ол Наваз Шариф бүгін кешке дейін қызметінен кетпесе, онда шерушілерді сол маңдағы премьердің кеңсесіне бастайтынын ескертті.

Премьер-министр кеңсесін полиция мен әскер күзетіп тұр.

Пәкістан армиясының өкілі Twitter-де «елдегі жағдай барлық мүдделі тараптардан сабырлылықты, байыптылық пен қырағылықты талап ететінін» жазды.

XS
SM
MD
LG