Accessibility links

Таразда IWPR тілшісінің "ұсталғаны" хабарланды


Тамыздың 20-сы күні Таразда IWPR (Соғыс және бейбітшілік институты - ред.) тілшісі Ғазиза Байтуованы полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттыққа журналистің өзі хабарлады.

Байтуованың айтуынша, өздерін дөрекі ұстаған полицей өкілдері «шашынан тартып, ұрып, көлікке күштеп отырғызған".

- Қалалық мешіт қасындағы паркке кіргенім сол еді, маған бірнеше полицей тап берді. Оларға әйел адам бұйрық беріп отырды. Сытылып кетуге тырысқаныммен қайта ұстап алып, полиция бөліміне алып келді. Түскі сағат үштен бері осында отырмын, - дейді ол.

Журналистің сөзінше, "қалалық №1 полиция бөлімінің қызметкерлері оған "бұзақылық жасады" деген айып тағуға тырысып отыр".

Әзірге журналистің не себепті ұсталғанын анықтау мүмкін болмады. Азаттық тілшісі Тараз қалалық полициясының баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмады.

Қазақстандық "Журналистер қауіп-қатерде" құқық қорғау ұйымы әлеуметтік желіде азаматтық қоғам өкілдерін журналист Ғазиза Байтуованы босатуға атсалысуға шақырды.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG