Accessibility links

Адвокат: Диас Қадырбаев айыбын мойындайды


Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаев (оң жақта) пен тергеуге кедергі келтірмек болды деп сотқа тартылған қазақстандық Диас Қадырбаев. (Царнаевтың "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасынан скриншот).

Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаев (оң жақта) пен тергеуге кедергі келтірмек болды деп сотқа тартылған қазақстандық Диас Қадырбаев. (Царнаевтың "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасынан скриншот).

Бостон марафонындағы жарылысты тергеу ісіне кедергі келтірмек болды деген айыппен сотқа тартылған қазақстандық Диас Қадырбаев өзін кінәлі деп тануға келісті деп хабарлайды оның адвокаты Роберт Сталға сілтеме жасаған Boston Globe басылымы.

Сталдың айтуынша, Қадырбаев 21 тамыз күні жергілікті уақытпен түстен кейін Бостонның округтік сотында өзінің "кінәлі екенін" жариялайды. Бірақ адвокат сот тыңдауына дейін іске қатысты егжей-тегжейлі айтудан бас тартқан. Boston Globe-тың дерегінше, Диас Қадырбаевқа байланысты сот процесі 8 қыркүйекте басталады.

Тергеу мәліметінше, жарылыстан соң үш күннен кейін басты күдікті Джохар Царнаевтың Массачусетс университетінде танысқан достары - қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев оның пиротехника салынған рюкзагы мен ноутбугінен құтылған. Шілденің 21-і күні Бостон қаласының өлкелік сотындағы сот алқасы Тәжаяқовты терактіні тексеруге кедергі келтірді деп таныған. Оған қатысты ақтық шешім қазанның 16-сы күні шығады деп жоспарланған.

2013 жылы сәуірде Бостон марафоны кезінде бірінен кейін бірі болған екі жарылыста үш адам қаза тауып, 260-тай адам жараланған.

XS
SM
MD
LG