Accessibility links

Газа секторында тағы 20 адам мерт болды


Газа секторы. 19 тамыз 2014 жыл.

Газа секторы. 19 тамыз 2014 жыл.

Израиль әскери-әуе күштерінің Газа секторына соққы беруі салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, 120-ға тарта адам жараланған. Мерт болғандар арасында үш әйел мен тоғыз бала, оның ішінде ХАМАС командирлерінің бірі Мұхаммед Дейфтің ұлы мен әйелі де бар. Кейбір ақпараттар бойынша, бомбалау кезінде Мұхаммед Дейфтің өзі үйде болмаған. Дейф осымен бірнеше мәрте өзіне жасалған қастандықтан аман қалған.

ХАМАС-тың әскери қанаты шабуылдан соң бірден бітімнің аяқталғанын жариялаған. Израиль өз территориясы Газа секторынан "зымыранмен атқыланды" деп, 19 тамыз күні шабуылды қайта бастаған.

Израиль Газа секторында 8 шілде күні әскери операциялар бастағалы бері қаза тапқандар саны 2038 адамға жеткен, 10 мыңнан астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG