Accessibility links

Жапонияда көшкіннен ондаған адам мерт болды


Лай көшкінінен кейінгі көрініс. Хиросима, Жапония, 20 тамыз 2014 жыл.
Лай көшкінінен кейінгі көрініс. Хиросима, Жапония, 20 тамыз 2014 жыл.

Жапонияның батысындағы Хиросима префектурасында таулы аймақта 20 тамызда бірнеше рет көшкін жүріп, 27 адам қаза тапты. Тоғыз адам із-түзсіз жоғалды. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, нөсер жауын салдарынан жүрген лай көшкінінен ондаған үй қираған. Құтқарушылар қирандылар астынан адамдарды іздестіріп жатыр.

Құрбан болғандар арасында бір құтқарушы бар. Ол алғашқы көшкінде бес адамды құтқарып, екінші көшкінде лай астында қалып қойған. Ресми орындардың хабарлауынша, кемінде бес рет лай көшкіні болған.

Жергілікті биліктің сұрауы бойынша құтқару жұмыстарына әскерилер де жұмылдырылған.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ демалысын тоқтатып, құтқару жұмыстары мен құтқарылған азаматтарға көмектесу үшін үлкен күш жұмсалып жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG