Accessibility links

"ҚазМұнайГаз": Бензинді қымбаттату қажет


"ҚазМұнайГаз" компаниясының автокөлік отынын құю бекеті. Ақтау, 20 тамыз 2014 жыл.

"ҚазМұнайГаз" компаниясының автокөлік отынын құю бекеті. Ақтау, 20 тамыз 2014 жыл.

Қазақстанда халық ең көп тұтынатын АB-92 бензині 10-15 пайызға қымбаттауы қажет деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг" компаниясының басшылығы.

Компания директорының маркетинг бойынша орынбасары Ерлан Қойбағаров бағаны қымбаттатудың екі факторын атады. "Біздің сараптамамыз бойынша, бағаны 10-15 пайызға қымбаттатуға екі фактор - өткен девальвация мен жанармайдың бұл түрінің құнының маусымдық өсуі себеп болады" деп мәлімдеді ол.

Ал компания директорының бірінші орынбасары Ерболат Қожабаев 20 тамыздан бастап Қазақстанда бірқатар жанармай құю станцияларында АИ-95 және АИ-96 маркалы бензин 5 пайызға қымбаттағанын айтты. Бірақ ол бұл бағаның қаншалықты сақталып тұратынын білмейтінін жеткізді.

Қазір Қазақстанда жанармай жеткізуде іркіліс барын айтқан Қожабаев "бұл жағдай қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталмайынша өзгермейді" деді.

XS
SM
MD
LG