Accessibility links

Министрлік жанармай бағасының шегін белгіледі


АИ-92 бензині жоқ екені жайлы хабарландыру. Алматы, 18 шілде 2014 жыл.

АИ-92 бензині жоқ екені жайлы хабарландыру. Алматы, 18 шілде 2014 жыл.

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі жанар-жағармай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасының шегін белгіледі.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың министрлік сайтында 21 тамыз күні жарияланған бұйрығы бойынша, енді дизель отынының бір литрінің бағасы - 115 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин - 89 теңгеден, АИ-92/93 маркалы бензин - 128 теңгеден аспауы керек.

Бұған дейін Алматыда дизель отынының литрі – 115 теңге, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңге, сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензині – 115 теңге, ал АИ-96 маркалы бензин 145 теңгеден болған.

Бірақ соңғы кездері жанармай құю бекеттерінде, әсіресе ресейлік бензин сатушыларда сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастаған.

Осы аптада АИ-95 маркалы бензин қымбаттап кеткен еді. Бұл бензиннің бір литрін Helios – 154 теңгеден, «Газпромнефть» – 153 теңгеден (кей бекеттерінде 163 теңгеден), «ҚазМұнайГаз» 150 теңгеден сатып жатыр.

Ал АИ-96 маркалы бензиннің бір литрі - 153 теңге.

XS
SM
MD
LG