Accessibility links

Алматыда жаңа аудан әкіміне тұрғындар шағымдарын айтты


Жаңадан құрылған Наурызбай ауданының әкімі Қуаныш Қашқымбаев (оң жақта) тұрғындармен кездесіп тұр. Алматы, 22 тамыз 2014 жыл.

Жаңадан құрылған Наурызбай ауданының әкімі Қуаныш Қашқымбаев (оң жақта) тұрғындармен кездесіп тұр. Алматы, 22 тамыз 2014 жыл.

Алматыдағы республикалық "Ақсай" балалар ауруханасының бұрынғы аумағындағы үйлердің тұрғындары бүгін Тастыбұлақ ауылында жаңадан құрылған Наурызбай ауданының әкімі Қуаныш Қашқымбаевпен кездесіп, талаптарын білдірді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар өздері тұрып жатқан аурухананың бұрынғы территориясы арқылы қалаға шығатын жолды жауып тастағанынын айтып, жаңа жол жасап беруді сұраған. Олар қалаға тар, қоқыс басқан жолмен шығуға мәжбүр болып жүргендерін айтқан. Бұған қоса ауыз судың дұрыс берілмейтініне, канализацияның жөнді жұмыс істемейтініне шағымданған тұрғындар аурухананың бұрынғы аумағына салынған үйлерін заңдастырып беруді де сұраған.

Әкім бұл қызметке жаңадан кіріскенін айтып, тұрғындардың мәселелерін екі апта ішінде қарастырып көруге уәде берді.

XS
SM
MD
LG