Accessibility links

Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл теміржолы ашылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл арасын жалғайтын екі жаңа теміржол желісін ашты.

Бейнеу-Жезқазған желісі Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан Ақтөбе облысының Шалқар стансасы, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасы арқылы Жезқазғанға барады.

"Қазақстан теміржолы" компаниясының басшысы Асқар Мәминнің айтуынша, теміржол желілерінің жалпы ұзындығы 1200 километрден асады. Жаңа магистраль оңтүстік пен солтүстік және батыс пен шығыс бағыттағы жүк айналымын оңтайландырады.

Жаңа темір жол желілері Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Қарағанды облыстары аумағынан өтеді.

XS
SM
MD
LG