Accessibility links

BBC: Гүлнара Каримова үйқамақта отыр


Гүлнара Каримованың баспасөзге шыққан суреті.

Гүлнара Каримованың баспасөзге шыққан суреті.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова өзі мен қызының жарты жыл бойы Өзбекстанда үйқамақта отырғанын айтып шағымданды.

BBC-дің қолына түскен құпия аудиожазбаларда Каримова 16 жастағы қызы екеуінің «өте нашар жағдайда» үйқамақта отырғанын, үйден шығуға және сыртпен байланысуға рұқсат етілмейтінін айтқан. Аудиожазбада Каримова мен қызына медициналық көмек қажет екені де айтылған.

42 жастағы Гүлнара Каримова бертінге дейін Орталық Азиядағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болған еді. Ол былтыр халықаралық коррупциялық жанжалға ұрынғанға дейін көбінесе Еуропада тұрып келген. Оны әкесінің ықтимал мұрагері деген де әңгімелер шыққан.

Бірақ биылғы жылдың басында оның «әкесімен егестен» соң бұрынғы ықпалынан айырылғаны белгілі болды.

XS
SM
MD
LG