Accessibility links

Қазақстандық ауыр атлет қыз Нанкинде қола жүлде алды


Ауыр атлетикадан жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері Татьяна Капустина (сол жақта бірінші). Нанкин, Қытай, 22 тамыз 2014 жыл.

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері Татьяна Капустина (сол жақта бірінші). Нанкин, Қытай, 22 тамыз 2014 жыл.

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық ауыр атлет Татьяна Капустина қыздар арасында 63 килограмнан жоғары салмақта қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Нанкиннен Азаттық тілшісі хабарлады.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 228 килограм (жұлқа көтеруде - 105 кг, серпе көтеруде - 123 кг) салмақ көтерді. Капустинаның бәсекелесі ресейлік Светлана Щербакова да 128 килограмды көтерген. Бірақ салмағы Капустинадан жеңілірек болғандықтан күміс жүлдені Ресей спортшысы алды.

Бұл салмақ дәрежесіндегі сайыста жиыны 244 килограмды көтерген таиландық спортшы Чаиди Дуангансорн чемпион атанды.

Қазақстан спортшылары Нанкиндегі олимпиадада осыған дейін бір алтын (Бауыржан Жауынтаев - дзюдо) мен бір қола (Жасұлан Қалиев - ауыр атлетика) жүлделер алған еді.

Нанкиндегі жасөспірімдер олимпиадасы 28 тамыз күні аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG