Accessibility links

Ресей: Украинаға жүк апарған керуен түгел қайтты


Ресей туын ұстаған адам "гуманитарлық көмек" тиеген көлікті қарсы алып тұр. Украина, 22 тамыз 2014 жыл.
Ресей туын ұстаған адам "гуманитарлық көмек" тиеген көлікті қарсы алып тұр. Украина, 22 тамыз 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігі Украинаның оңтүстік-шығыс аймағына гуманитарлық жүк апарған автокеруен ол елден түгел оралғанын мәлімдеді деп хабарлады ресейлік баспасөз құралдары.

Өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасының» сепаратистері ілесіп жүрген ресейлік жүк автокөліктері Луганскіден Ресейдің Ростов облысына кеткені туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлаған.

Ал Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс министрлігі ел аумағынан шығып Ресейге қайтқан жүк көлігінің саны 184 деп отыр. Гуманитарлық жүкті Киевтің өкілдерінің тексеруіне рұқсат бермеген.

Бұған дейін Украинаға жүк алып өткен бірнеше көліктің қайтадан Ресейге оралғанын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылау миссиясының жетекшісі Поль Пикар да растаған.

22 тамыз күні ресейлік 200-ден аса жүк көліктері Киевтің рұқсатынсыз және Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) өкілдерінің бақылауынсыз Украина аумағына кірген еді.

Киев пен Батыс елдері Ресей тарапының бұл іс-әрекетін «Украинаның егемендігін бұзып, ел аумағына баса-көктеп кіру» деп айыптады.

XS
SM
MD
LG