Accessibility links

АҚШ Ресейден автокеруенді Украинадан әкетуді талап етті


Ресейдің "гуманитарлық жүк" тиеген көліктері Украинамен шекарада тұр. 22 тамыз 2014 жыл.

Ресейдің "гуманитарлық жүк" тиеген көліктері Украинамен шекарада тұр. 22 тамыз 2014 жыл.

АҚШ Украинаның шығысына Киевтің рұқсатынсыз гуманитарлық жүк керуенін кіргізгені үшін Ресейді айыптады. Ақ үй бұл оқиғаны «Украина егемендігін көпе-көрнеу бұзу» деп атап, Ресейді автокеруенін Украина аумағынан шығаруға шақырыды. Мәскеу бұл талапқа көнбесе жаңа экономикалық санкцияларға тап болады деп ескертті Вашингтон.

Ресейдің іс-әрекеттері Украинадағы жағдайды ушықтыруға түрткі болып отыр деп мәлімдеді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бен Роудс.

Бұған дейін жұма күні НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Украинаға автокеруенін енгізген Ресейді халықаралық міндеттемелерін өрескел бұзды деп айыптаған еді. Оның айтуынша, бұндай іс-әрекеттер Мәскеудің одан сайын оқшаулана беруіне ғана апарып соғады.

22 тамыз күні Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімеде Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оңтүстік-шығысына гуманитарлық көмекті жеткізу туралы Мәскеудің біржақты шешім қабылдауына бұл мәселеде Киевтің «сөзбұйдалыққа салынуы себеп» болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG