Accessibility links

Астанада Абайға арналған мерекелік шара өтті


Абай ескерткіші. Астана қаласы, 22 мамыр 2012 жыл.

Абай ескерткіші. Астана қаласы, 22 мамыр 2012 жыл.

Бүгін Астанада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған мерекелік шара өтті.

Оған жиналған жұртшылық Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері дайындаған Абайдың өмірі жайлы қойылымды тамашалады. Бұдан соң Кенжеғали Мыржықбай, Жанат Шыбықбай, Гүлзира Бөкейхан және Ерлан Рысқали сынды танымал әншілер Абайдың әндерін орындады.

Шара барысында ақынның Астанадағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 169 жыл толды.

XS
SM
MD
LG