Accessibility links

Украинаға рұқсатсыз кірген Ресей жүк көліктері шыға бастады


Ресейлік гуманитарлық жүк тиеген көлік. "Изварино" өткізу бекеті, Украина, 22 тамыз 2014 жыл.

Ресейлік гуманитарлық жүк тиеген көлік. "Изварино" өткізу бекеті, Украина, 22 тамыз 2014 жыл.

Украина аумағына Киевтің рұқсатынсыз гуманитарлық жүк керуенімен кірген автокөліктердің бірнешеуі бүгін таңертең Украинаның Луганск облысындағы «Изварино» өткізу бекетіне жетіп, сонан кейін Ресейге қайтып оралған. Бұл туралы баспасөз құралдары хабарлады.

Украинаға жүк алып өткен КАМАЗ көліктерінің алғашқылары қайтадан Ресейге оралғанын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылау миссиясының жетекшісі Поль Пикар да растаған.

22 тамыз күні ресейлік 200-ден аса жүк көліктері Киевтің рұқсатынсыз және Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) өкілдерінің бақылауынсыз Украина аумағына кірген еді.

Киев пен Батыс елдері Ресей тарапының бұл іс-әрекетін «Украинаның егемендігін бұзып, ел аумағына баса-көктеп кіру» деп айыптады.

Жұма күні Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оңтүстік-шығысына гуманитарлық көмекті жеткізу туралы Мәскеудің біржақты шешім қабылдауына бұл мәселеде Киевтің «сөзбұйдалыққа салынуы себеп» болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG