Accessibility links

Бүгін Абхазияда президент сайлауы өтеді


Абхазия президенті сайлауына дауыс беруге арналған, мөлдір заттан жасалған жәшік. Мәскеу, 21 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Абхазия президенті сайлауына дауыс беруге арналған, мөлдір заттан жасалған жәшік. Мәскеу, 21 тамыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Грузияның өзін өзі «тәуелсіз республика» деп жариялаған жікшіл аймағы Абхазияда бүгін президент сайлауы өтіп жатыр.

Осының қарсаңында сайлауға түсіп жатқан кандидаттар Аслан Бжания, Леонид Дзапшба, Мираб Кишмария және Рауль Хаджимба ұлт бірлігіне қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы келісімге қол қойған еді. Олар диалогты кеңейту және дағдарысты жағдайларды еңсеру үшін кеңесші орган құруды ұйғарып отыр. Сонымен бірге олар Абхазия президенттігіне кандидаттардың жақтастары мен технократтардан тұратын үкіметтік коалиция қалыптастыруға жәрдем жасауға міндеттенді.

Саяси реформаларды, соның ішінде президенттің өкілетін шектейтін өзгерістер жасауды талап еткен оппозицияның қысымы маусым айында Абхазия президенті Александр Анквабты отставкаға кетуге мәжбүр еткен болатын.

1993 жылы Грузиядан тәуелсіздігін біржақты түрде жариялаған Абхазияны Мәскеу 2008 жылы, Ресей-Грузия қарулы жанжалынан соң, тәуелсіз республика деп таныған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдаған қарарларда Абхазия Грузияның құрамдас бөлігі ретінде аталған.

XS
SM
MD
LG