Accessibility links

Әзербайжан ІІМ: Ильгар Насибов мас күйі таяқ жеген


Соққыға жығылған әзербайжандық құқыққорғаушы Ильгар Насибов. Нахичеван, 22 тамыз 2014 жыл.

Соққыға жығылған әзербайжандық құқыққорғаушы Ильгар Насибов. Нахичеван, 22 тамыз 2014 жыл.

Әзербайжан ішкі істер министрлігі сенбі күні таратқан мәлімдемеде нахичевандық құқыққорғаушы Ильгар Насибовтың «арақ ішіп алғандардың өзара кикілжіңінен» зардап шеккені айтылған. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлаған.

Бірақ құқыққорғаушының туыстары мен серіктері бұл ақпарат «шындыққа жанаспайтын жала» деп санайды.

21 тамыз күні кешке белгісіз біреулердің Әзербайжанның Нахичеван қаласындағы «ҮЕҰ және демократияны дамыту ресурстық орталығы» қоғамдық ұйымы кеңсесін ойрандап, орталық қызметкері құқыққорғаушы әрі журналист Ильгар Насибовты соққыға жығып кеткені хабарланған еді. Бас сүйегі мен денесінің бірнеше жеріне қатты зақым келген Насибов содан бері жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Жұма күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дунья Миятович Бакуді Ильгар Насибовты соққыға жығу оқиғасын дереу және мұқият тексеруге шақырған.

Freedom House халықаралық құқыққорғау ұйымының басшысы Дэвид Крамер әзербайжандық құқыққорғаушы Ильгар Насибовтың соққыға жығылуына байланысты ресми Бакуді сынады.

«Әзербайжан билігі құқыққорғаушылар мен сын айтқандардың бәрін тұтқындап, жалған айып тағып немесе 21 тамыз күні Насибовқа жасағандай, аяусыз соққыға жығып қудалауға бекінген сыңайлы. Егер президент Ильхам Әлиев халықаралық қауымдастықтың назары басқа аймақтарға түсіп отырған кезде өз үкіметінің атына айтылған кез келген сынды елеусіз қалдыруға болады деп ойласа қатты қателеседі» деп мәлімдеген Крамер.

Әзербайжан билігі «қауіпті әрі өшпенділік ахуал қалыптастырып отырғаны үшін жауап беруі керек» деп атап көрсеткен Крамер АҚШ пен Еуропа Одағын «мұндай сұмдық іс-әрекеттерді жасаған және оған жауапты ресми тұлғаларға қарсы санкция енгізуге» шақырған.

XS
SM
MD
LG