Accessibility links

Киевте әскери парад өтті


Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған әскери парадқа қатысушылар. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған әскери парадқа қатысушылар. Киев, 24 тамыз 2014 жыл.

Бүгін Киевте Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған әскери парадқа 25 мыңнан аса әскери қызметшілер мен курсанттар, ондаған әскери техника қатысты.

Киевтің бас көшесімен «Дозор» әскери автомобильдері, «Оса», «Точка-У», «С-300» зениттік әуе қорғанысы кешендері және Украинада жасалған БТР-3 пен БТР-4Е әскери техникалары жүріп өтті. Парадқа қатысқан әскери қызметшілер мен техниканың бір бөлігі шара бітісімен елдің шығысында террорға қарсы операциялар жүріп жатқан аймаққа аттанды.

Украина президенті Петр Порошенко құттықтау сөзінде жақын болашақта үкімет армияны қайта жарақтандыруға қырық миллиард гривеннен (үш миллиард долларға жуық) аса қаржы жұмсайтын болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, украиналықтарға «үнемі төніп тұрған әскери қауіп-қатер астында өмір сүруді үйренуге» тура келеді. Президент Украинаның шығысындағы жанжал екіжақты сипаттан асып, бүкіл әлемдегі жағдайдың тұрақсыздануына әсер етіп отырғанын айтты.

Одесса қаласында да Тәуелсіздік күніне арналған Украинаның әскери-теңіз күштерінің парады өтіп жатыр.

Бұдан 23 жыл бұрын, 1991 жылы 24 тамыз күні Украина ССР Жоғары кеңесі Украинаның тәуелсіздігін жариялаған заң қабылдаған болатын.

XS
SM
MD
LG