Accessibility links

Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды


Калифорния штатындағы жағажай. АҚШ, 27 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Калифорния штатындағы жағажай. АҚШ, 27 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Калифорния штатының губернаторы Джерри Браун штатта 24 тамыз күні болған 6 магнитудалық жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жариялады.

Ошағы Напа қаласынан солтүстікке қарай 10 километр қашықтықта орналасқан жер сілкінісінен екі ересек адам мен бір бала қатты жараланып, 87 адам жеңіл жарақаттанған.

Табиғи апаттан жергілікті мыңдаған адам электр жарығынсыз қалып, ғимараттар, теміржол рельстері, су және газ құбырлары зақымданған.

XS
SM
MD
LG